«Ең үлкен бақыт – сүйікті ісіңмен айналысу»
Халық даналығы
Мамандықтың түрлері көп. Кешегі мектеп оқушысына өзінің жанына жақын, сүйікті мамандығын, сүйікті ісін қалай табуға болады?
Осындай жағдайда кәсіби бағдарлау ісін ерте бастаған маңызды, өйткені жас кезінен балалар мамандықтар әлемімен, олардың ерекшеліктерімен танысады. Тіпті мектеп түлектерінің көпшілігі болашақта қандай маман иесі боларын білмейді, таңдау жасай алмайды.
Ақмола облысы Біржан сал ауданы білім бөлімінің қолдауымен кәсіптік бағдар саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру шеңберінде өңірдің жалпы білім беретін мектептерінің бітіруші сынып оқушылары қашықтық форматта Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжімен (К-ЖТК) танысу мүмкіндігіне ие болды.
Бұдан әрі оқушылар онлайн режимде К-ЖТК бірлесе арнайы құрылған Ватсаптағы топтар арқылы өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алатын болады.
Кәсіптік бағдар және Мансап бөлімінің меңгерушісі Ибраев Б. К.