АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мобильді робототехника және инновациялық технологиялар бойынша студенттер арасында World Skills Aqmola аймақтық чемпионатына іріктеу кезеңі аяқталды

02.03.2022

Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінде мобильді робототехника және инновациялық технологиялар бойынша студенттер арасында World Skills Aqmola аймақтық чемпионатына іріктеу кезеңі аяқталды.

Робототехникалық прототиптерді жобалау ұқыптылықты, дәлдікті, тәртіпті, қиялды, жауапкершілікті дамытады және командада бірге, әрі үйлесімді жұмыс істеуге үйретеді. Робототехника әрбір қатысушының алдымен жобаны әзірлеу кезеңіне қатысуға, кейін барлық бөлшектерді түпкілікті құрастыру кезінде дайын нәтиже алу сияқты қарапайымнан күрделіге дейінгі жолдан өтуге мүмкіндік береді.

Мобильді робототехника – бұл техникалық шығармашылық, өнертапқыштық, конструкторлық және рационализаторлық қызметке алғашқы қадам. Бұл механика, схемотехника, электроника және бағдарламалау негіздерін меңгеру.

Модуль 1.

Жағдайлық мәселелерді шешу нәтижесінде роботтың осы немесе басқа жағдайды қалай қабылдайтынын түсінуге мүмкіндік беретін эксперименттік материал жиналады. Мәселелерді шешу кезінде роботтың датчигіндегі қателіктерді, оның орындау механизмін, қоршаған ортаның әсерін және басқа да факторларды ескеру қажет.

Модуль 2.

Мәселені шешу үшін көтеру механизмі мен түсіру элементін жобалау және модернизациялау.

Байқау қорытындысы бойынша келесі орындар анықталды:

1-орын – Әшімов Айдар, ВТ-18 тобы

2-орын – Некрасов Александр, ИС-19 тобы

3-орын – Кайруллин Алмат, ИС-19 тобы

Құттықтаймыз!

Өндірістік оқыту шебері Ковалев Р. С.

 

Просмотров: 253


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст