2022 жылғы 1 наурызда К-ЖТК-да «Ақпараттық кабельдік желілер» құзыреттілігі бойынша WorldSkills кәсіби шеберлігінің іріктеу байқауы өтті.
«Ақпараттық кабельдік желілер» біздің өміріміздің барлық саласында қолданылады және ұялы байланыс желілерін, жергілікті есептеу желілерін (ЖЕЖ), кабельдік теледидар желілерін, жаһандық компьютерлік желілерді (WAN), бейнебақылау желілерін және басқа да төмен ағымды желілерді құрудың іргетасы болып табылады.
Осы құзыреттіліктің мамандары телекоммуникациялық желінің талшықты-оптикалық және мыс желілік учаскелерін монтаждау бойынша жұмыстарды орындайды. Сымды және сымсыз абоненттік қолжетімділік желілерін қосуды және баптауды жүргізеді, мультисервистік желілер жабдықтарының жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етеді, байланыс қызметтерін ұйымдастыру үшін компьютерлік платформаларды орнатуды және баптауды, белсенді желілік жабдықтың базалық баптауларын жүргізеді, сондай-ақ «Ақылды үй» жүйелерін орнатады, телекоммуникациялық жүйелердің апаттық жағдайлары мен зақымдануларын іздеуді және жоюды жүзеге асырады. Сала қызметкерлерінің алдында кездесетін телекоммуникациялық жүйелерді пайдалану саласындағы техникалық міндеттерді шешеді.
Байқауға қатысушылар келесі тапсырмаларды орындады:
Модуль 1: құрылымдалған кабельдік жүйелер;
Мақсаты – шағын кеңсе ғимаратының магистральдық кабельдік инфрақұрылымын орнату. Қатысушы серверлік тірекке тарату кабельдерінің жүйесін орнатуы және тексеруі тиіс. Студенттер тапсырмаларды орындауда асқан жауапкершілік танытты.
Байқау нәтижесі бойынша МВТ-19 тобының студенті Антонияди Николас Николаевич жеңімпаз атанды. Жүлделі екінші орынды ВТ-20 тобының студенті Рамазанов Мирхат Сансызбайұлы, үшінші орынды ВТ-20-11 тобының студенті Козлов Андрей Сергеевич иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Үлкен жетістіктерге жете берулерін тілейміз!
Арнайы пәндер оқытушысы Хамзин О. О.