Жуырда техник-құрылысшылар, техник-жолшылар, есепшілер және техник-механиктер командалары арасында КТК ойыны өтті. Бұл ойындағы тапсырмалардың бірі – колледж эмблемасын ойлап табу. Ұзақ ойланып, нәтижесінде бір шешімге келдік.
Сол кезде біздің команда жасаған эмблеманың эскизі осындай еді: колледждің төрт бөлімінің бірлігі мен достығының белгісі ретінде эмблеманың ортасына шаңырақты орналастыру. Шаңырақты төрт мамандықтың символы - телескоп, қанатты машиналар, коттедж және теңге қоршап тұр. Телескоп – болашақта жолшылардың тек жер жолдарын ғана емес, әуе жолдарын да салатынын білдірді;қанатты машиналар – осы әуе жолдарымен жүруге арналған; теңге – есепшілер жалақыны ұлттық валютада беруді үйренетінін, коттедж – біздің құрылысшы-техниктер тек әдемі және берік үйлер салатынын білдіреді. Шаңырақтың орта бөлігінде болашақ жаңа мамандықтарға орын қалдырдық.
Ромбтың жоғарғы бұрышында орналасқан Оқжетпес тауы колледждің Көкшетау қаласында орналасқанын, таулар – терең ойдың, ал атқан таң – өркендеудің белгісі. Ромбтың төменгі бұрышында Көкшетау политехникалық колледжін білдіретін КПК әріптері жазылған. Ромбтың сол және оң жақ бұрыштарында - 2030 жыл, өйткені біз барлық үміттерімізді осы датамен байланыстырамыз. Эмблеманың ромб белгісі біздің колледжге түсетін студенттер әлемнің түкпір-түкпірінен келетінін білдіреді. Эмблеманың негізгі түстері таңдалды: көк-тектілік; алтын-байлық; қара-даналық.
Бұл біздің арманымыз болатын!
Қазіргі уақытта Жоғары техникалық колледжіміз тек өз өңірінде ғана емес, бүкіл республикада да танымал.
Қабылдау және оқыту 17-23 мамандық бойынша жүргізіледі. Жаңа мамандықтар бойынша білім алу үшін аудиториялар, шеберханалар мен оқу-өндірістік орталықтар заманауи жабдықтармен жабдықталған. Бізге Қазақстан өңірлерінен ғана емес, жақын шетелден де оқуға түседі. Жаңа көп қабатты жатақхана салынуда.
«Болашақ» бағдарламасын техникалық мамандықтарға қайта бағдарлаудың арқасында машина жасау бөлімінің студенттері Ресейдің Набережные Челны қаласындағы «КАМАЗ» ЖАҚ өндірістік тәжірибеден өтуге мүмкіндік алды. Біздің колледждің үздік студенттері Оңтүстік Кореяның профессорлық-оқытушылық құрамымен кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық және көшбасшылық бағыттары бойынша онлайн-оқудан өтетін болады.
Оң өзгерістердің барлығы колледж түлектерінің білімі мен іскерлігінің сапасын арттыруға ықпал етеді. Олардың бәсекеге қабілетті болуына және өндірістік ортаға оңай бейімделуіне мүмкіндік береді.
Колледжіміз одан әрі өркендей берсін!
Қазақстанымыз жасай берсін!
Геодезия оқытушысы: Х. Каркимбаева