«Құқықтық сана-сезім жолын таңда» атты құқықтық білім апталығы аясында жастардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын дамыту, құқық саласындағы білімді өзектендіру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Қабдуалиев Райымбек Назымбекұлы мен полиция капитаны Маныбаев Жанат Зейнелғабиденұлының қатысуымен «Құқық бұзушылық, қылмыс және жасөспірім» тақырыбында сынып сағатын өткіздім.
«Құқық бұзушылық, қылмыс және жасөспірім» тақырыбы бүгінгі күні өзекті болып табылады, өйткені әрбір жасөспірім ауыр және қиын салдарға әкелетін заңсыз әрекеттер туралы білмейді. Өкінішке орай, жыл сайын жасөспірімдер 145 мыңнан астам қылмыс жасайды екен, олардың ішінде әрбір бесінші бала бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу үшін тәрбиелеу колонияларына жіберіледі.
Құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу қызықты форматта өтті. Райымбек Назымбекұлы бұзушылық және оның салдары қандай болатыны туралы түсіндірді. Олардың сөздерінен кейін студенттер мұндай әрекеттерді жасамау үшін не істеу керек деген ойға келді.
Сынып сағатынан кейін балалар тек жақсы істер ғана жасайтынына сенгім келеді.
Әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушысы Масалимова К. К.