АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Слесарлық іс біліктілігіне арналған WorldSkills конкурсы

01.03.2022

Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінде «Слесарлық іс» құзыреттілігі бойынша WorldSkills кәсіби шеберлігінің іріктеу байқауы өз мәресіне жетті. Байқауға алты студент қатысты. Кесу, ию, белгілеу, жаншу, бұрғылау, егеу және т.б. арқылы металмен жасалатын жұмыстар байқау тапсырмаларына енді. 
Тапсырма бірнеше модульден тұрды:
Модуль 1: металды белгілеу.
 Қатысушы жұқа табақты металға таңба салуы және сызбаға сәйкес дайындамаларды кесуі қажет.
Модуль 2: жұқа табақты металды қайшымен кесу.
 Қатысушы сызбаға сәйкес металл табағын кесіп, өткір жиектерді егеумен өңдеуі керек.
Модуль 3: металды ию (шеберханаға арналған қалақ)
 Қатысушы металды сызбаға сәйкес иіп, бұйымның шеттерін (Ескертпе: тұтқаның шеттерін ию 180 градусқа жүргізіледі) жаншып үгуі керек.
Модуль 4: өнімді құрастыру.
 Сызбаға сәйкес бұрғылауды жүргізу. Қатысушы тұтқаны қалаққа шегелеу арқылы бұйымды түпкілікті жинауды жүргізеді.
Барлық студенттер тапсырмаларды сапалы орындауға тырысты. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды 94 ұпай жинаған 3-курс студенті Хабинов Денис, екінші орынды З-МС-21-11 тобының студенті Галай Юрий және үшінші орынды МС-19 тобының студенті Марков Кирилл иеленді. 
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Үлкен жетістіктерге жете берулерін тілейміз!

 

Просмотров: 701


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст