АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі» МКҚК 2021 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша есебі

28.02.2022

1. Жалпы ережелер

1)Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер: Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі» МКҚК . Заңды мекенжайы: Көкшетау қаласы, Тәшенов көшесі, 115.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінде 8 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2021 жылы Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі 1732 қызмет көрсетті:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 32;

Электрондық Үкімет порталы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 25;

ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 640;

қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны -1035.

Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

2. Аналитикалық анықтамаларға, 2021 жылғы колледж жұмысы туралы есептерге сүйене отырып, келесі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

1. «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» -27 қызмет.

2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау – 691 қызмет.

3. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру – 586 қызмет.

4. Техникалық кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған тұлғаларға анықтама беру – 2 қызмет.

5. Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау-50 қызмет.

6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау – 9 қызмет.

7. Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру – 16 қызмет.

8. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай - ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» бойынша-351 қызмет.

2. Қызмет алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің http://pt0008.kokshetau.aqmoedu.kz ресми интернет-ресурсында жарияланған. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері көрсетілген. Сондай-ақ, 4 оқу корпусында ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Мемлекеттік қызмет көрсету колледжінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді.

Колледжде «College Smart Nation» ақпараттық жүйесінде 3 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды.

Бұдан басқа, «College Smart Nation» ақпараттық жүйесі колледждердегі оқу процесін цифрлық форматта автоматтандыруға мүмкіндік берді: талапкерлерден құжаттарды қабылдау, оқуға қабылдау, оқудан шығару бұйрықтары; оқу жоспарлары, журналдар.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінде қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 9 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді, 2021 жылы 2 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2021 жылы «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі» МКҚК мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және мерзімдерінің бұзылуы бойынша шағымдар түскен жоқ.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және оның сапасына қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

2022 жылы Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі» МКҚК жеке тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты К. М.Алиева

Просмотров: 308


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст