Қазіргі кезде сұлулық индустриясы қарқынды дамып келеді және осы саладағы ең сәнді және перспективалы бағыт – «Шаштараз» мамандығы: шаштараз-модельер, шаштараз-стилист, шаштараз-визажист, шаштараз-колорист.
Неге десеңіз, шаштараз мамандығы – өмірлік ұстанымдардың бірегей жиынтығы: шығармашылық пен шабыт, талант пен шеберлік, менмендік пен мақсат, бизнес және өзін-өзі жүзеге асыру.
Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің базасында 2022 жылғы 23 ақпан күні World Skills стандарттары шеңберінде «Шаштараз өнері» құзыреттілігі бойынша студенттер арасында іріктеу туры өтті.
Аталмыш байқауға біздің колледждің студенттері мен түлегі қатысты: Атрощенко Ольга, Гаврилова Дарья, Жабина Кристина, Куркина Алина, Лобас Виктория, Магзумова Карина, Фишер Виктория, Ястремская Алина.
Барлық қатысушылар берілген тапсырмаларды жақсы орындап шықты. Іріктеу байқауы екі модульден тұрды:
А модулі: ерлерге арналған заманауи классикалық шаш үлгісі;
В модулі: әйелдердің кешкі шаш үлгісі.
Іріктеу турының қорытындысы бойынша жүлделі 1-орынды Атрощенко Ольга жеңіп алды. 2-орынды Жабина Кристина, 3-орынды Гаврилова Дарья иеленді.
Шаштараз, стилист, визажист, модельер – қолына қайшы ұстаған адам. Ол әрқашан жанымыздан табылады және бізге сұлулық сыйлап, бақытты ете біледі.
Өндірістік оқыту шебері Жетпісбаева Б.Б.