2022 жылғы 24 ақпан К-ЖТК. «Инженерлік графика» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Kazakhstan-2021 Ұлттық чемпионатының қола жүлдегері Кравец Кириллмен сұхбат.
- Байқаудың мақсаты не деп ойлайсыз?
- Бұл, әрине, жеңіс! (жымияды). Ғылым мен техниканың барлық техникалық жобалары инженерлік графикаға негізделген. К-ЖТК студенті бола отырып, біз сабақтарда сызбаларды меңгереміз, жобалау жұмыстарын орындаймыз. Осылайша біз техникалық ойлауды дамытамыз. Мен бұрын-соңды шығармашылық қабілеттерімнің бар екенін байқамаппын (күледі) . Чемпионатқа қатысуымның арқасында бүгінгі күні көп қалаларда достарым бар. Олар байқауда салауатты бәсекелестік құрған балалар))). Осының бәрі «Инженерлік графика» кәсіби құзыреттілігіне деген сүйіспеншіліктен екенін қосқым келеді.
- Байқауға қатысушыларға не тілейсіз?
- Бүгін мен «Инженерлік графика» құзыреттілігі бойынша колледжішілік іріктеу чемпионатының 11 конкурсантын қолдауға келіп отырмын. Баршасына шығармашылық табыс тілеймін.
Қатысушылардың тапсырмаларға баса назар аудару керектігін айтқым келеді. Тапсырмалар оңай емес, бірақ орындауға болады:
1. Өндіріске арналған механикалық құрастыру және сызбалар;
2. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы тақырыбына арналған 3D-деталь;
3. Кері жобалау...