WorldSkills – жаһандық халықаралық қозғалыс, қазіргі уақытта бүкіл әлемде үлкен танымалдылыққа ие болуда. Кәсіби шеберлік чемпионаттары әр түрлі құзыреттіліктердегі қатысушылар арасында мықтыларды анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстанда WorldSkills қозғалысы басталғаннан бері Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің студенттері халықаралық және республикалық деңгейде жүлделі орындарды иеленіп келеді.
2022 жылдың 22 ақпанында «Шанақ жөндеу» құзыреттілігі бойынша үздіктерді анықтау мақсатында колледждің Шанақ жөндеу құзыреттілігі орталығында «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының 2,3 және 4-курс студенттері арасында «WorldSkills Kazakhstan -2022» чемпионатының іріктеу туры өтті.
Қатысушыларға тапсырмалар модульдер (сессиялар) түрінде беріліп, оларды шектеулі уақыт ішінде жүзеге асыру талабы қойылды. «А» модулі –шанақ геометриясының диагностикасы. «В» модулі – шанақ элементтерінің беткі пішінін қалпына келтіру. «С» модулі – металл алмалы-салмалы панельдерді, шанақтың қанатшасын жөндеу.
Модульдерді орындау үшін қатысушылар заманауи жоғары дәлдікті технологиялар мен жабдықтарды қолданды: Car-O-LINER MARK 6 автомобильдерінің геометриясын қалпына келтіруге арналған Стенд, кез-келген күрделіліктегі шанақты және оның бөлшектерін түзету және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін Car-O-Vision электронды өлшеу жүйесі, сонымен қатар аталған жабдықтың жиынтығына кіретін құрылғылар мен құралдар.
Тапсырмалар күрделі болды, соған қарамастан жарысқа қатысушылар оларды шебер орындап, белгіленген уақытта аяқтады. Бас сарапшы В.В. Гапеев бастаған комиссияның алдында қатысушылардың барлық қателіктері мен кемшіліктерін ескере отырып, жеңімпазды анықтау міндеті тұрды. Байқаудың ең қызықты сәті де келіп жетті. Чемпионаттың іріктеу турының нәтижелері жарияланды: жүлделі 1-орынды Пинчук Максим, 2-орынды Танбаев Асхад иеленді. 3-орынды Романов Досжан місе тұтты.
Жүлдегерлерді құттықтаймыз! Оқуда табыс пен жарқын жеңістер тілейміз!