Текст
2022 жылдың 22 ақпанында «Құрылыс конструкциялары» пәнін оқу аясында ТС-19-11 тобының студенттері арнайы пәндер оқытушысы Д.Б. Шамилованың жетекшілігімен салынып жатқан нысанға барды.
Салынып жатқан көп функциялы ғимараттың қаңқасы – бұл бағандардан, арқалықтардан, фермалардан, белағаштан, байланыстардан және пән бойынша оқытылатын басқа да элементтерден тұратын металл құрылым.
Салынып жатқан нысанды өз көзімен көріп, алынған теориялық білімді бекіту – экскурсияның мақсаты болды.
Қауіпсіздік мақсатында құрылыс нысанына шығар алдында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді, бұл да «Құрылыстағы еңбекті қорғау» пәні бойынша білімді бекіту болып табылады.
Арнайы пәндер оқытушысы Шамилова Д. Б.