Ресейдің Набережные Челны қаласындағы «КАМАЗ» ПАО базасында өндірістік практикадан өтіп жатқан К-ЖТК студенттері үшін семинар және іскерлік ойындар форматында демалыс ұйымдастырылды.
Кәсіпорынның кадр қызметінің өкілдері «Ұжымдағы қолайлы климат – табысты еңбек процесінің маңызды көрсеткіші. Жұмыс процесі мен бірлескен жұмыстың нәтижесі психологиялық жайлылыққа тікелей байланысты», - деп есептейді.
Студенттер Радченко Милена мен Базыкенов Ерханның айтуынша, «Зауыттың өндірістік өміріне енумен қатар, бізге демалыс күндері «Камаз» ПАО жетекші мамандары мен топ-менеджерлері бос уақыт алаңын ұйымдастырды. Іскерлік ойындарында біз өндірістік процесті басқару, қозғалтқыштарды құрастыру процесінде туындайтын мәселелерді шешу бойынша әртүрлі өндірістік жағдайларды талқыладық. Іс-шара өте қызықты, әрі тартымды өтті».
К-ЖТК 5 курс, МС-17 тобының студенті Сяутилас Юозапас өзінің алған әсерімен осылайша бөліседі: «Әр бастама қашан да қызықты. Біз «КАМАЗ» ПАО зауытының СББ бар станоктарында оператор ретінде тәжірибеден өтіп жатырмыз. Бағдарламаларды құрастырамыз және болашақ бөлшектерге дайындамаларды орнатамыз, негіздейміз, нөлдік нүктеге қоямыз, басқару бағдарламасын іске қосамыз және бөлшектерді өңдеу процесін қадағалаймыз. Мұнда баға жетпес тәжірибе аламыз. Кез-келген уақытта кеңес алу үшін мамандарға жүгіне аламыз. Бізге осындай мүмкіндіктің берілгеніне өте қуаныштымыз!»
Студенттерге позитивте болуын және жағымды эмоциялар тілейміз!