Бүгін, 18 ақпан күні Ақмола облысы ББ жанындағы облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен ЖББ оқытушылардың әдістемелік бірлестігінің «Білім алушылардың негізгі құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін жаңа педагогикалық технологияларды оқытушы жұмысына енгізу» тақырыбында облыстық вебинары өтті.
Спикерлер ретінде Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің жалпы білім беру бағытының оқытушылары сөз сөйледі: тарих пәнінің оқытушылары Т.С.Искендиров, А.Т.Рахимжанов, орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары О.Я.Пильник, К.А.Калиева, ағылшын тілі пәні оқытушысы Ж.С.Даулетова, математика пәнінің оқытушысы А.Ф.Танашева, химия және биология пәнінің оқытушысы М.К.Мухамеджанова.
Құрметті оқытушылар! Алдағы оқу жылы сіздер үшін барынша жемісті болып, студенттер өз жетістіктерімен қуантатын болсын. Оқытушыларға үлкен шабыт, мықты денсаулық тілейміз!