АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Экономикалық пәндерді оқытуда компьютерлік технологияларды пайдалану

18.02.2022

Білім беру процесінде қазіргі заманғы талаптарға сай келетін бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға негізделген білім беру жүйесінің моделін пайдаланған орынды.

Тең жағдайда оқушы естігендерінің 10%-ы, көргендерінің 50%-ы және оның өзі жасағандардың 90%-дан астамы жадында қалатындығы эксперименталды түрде анықталған. Бұдан шығатыны, оқытудың ең тиімді түрі - бұл студенттің өзі еркін білім іздеумен байланысты әрекетке белсенді қатысуына негізделген форма.

Студенттерді оқу процесіне белсенді тарту үшін білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану білім беру сапасын арттыру шарттарының бірі болып табылады.

Колледжде экономикалық пәндерді оқу кезінде әртүрлі компьютерлік бағдарламалар кеңінен қолданылады. Құрылыс мамандықтарының студенттері оқудың соңғы курсында құрылыстың сметалық құнын есептеу бойынша «SANA-2015» бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып, «Құрылыстағы экономика және менеджмент» пәні бойынша курстық жұмысты орындайды. Сабақтарда оқушылар нормативтік және анықтамалық құжаттамамен жұмыс істейді, «SANA-2015» (ресурстық әдіс) бағдарламасында сметалық құжаттаманы жасау дағдыларын меңгереді.

«Есеп және аудит» мамандығының студенттері оқу бағдарламасы шеңберінде «1С:кәсіпорын 8.3.Қазақстан үшін бухгалтерия» жұмыс бағдарламасында білім мен білік дағдыларына ие болады.

2021 жылдың наурыз айында Жоғары техникалық колледж жанынан "1С"сертификатталған оқыту орталығы ашылды. УА-19 тобының соңғы курс студенттері сертификатталған оқу курсынан өтіп, "1С: Кәсіпорын 8. Қазақстан үшін бухгалтерия" Типтік конфигурацияны практикалық қолдану. 3.0 редакциясы" куәліктеріне ие болды.

Ақпараттық технологияларды қолдану білім беру процесінің аясын кеңейтеді, оның практикалық бағытын арттырады, білім беру процесінде білім алушылардың ынтасын арттыруға, оқушылардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, өз бетінше жаңа білім алу дағдыларын дамытуға және болашақта олардың табысты өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасауға ықпал етеді.

 «1С: Қазақстан үшін бухгалтерия 8.3»  бойынша сабақтар

 «SANA-2015» бағдарламасында курстық жұмысты орындау

Жоғары санатты экономикалық пәндер оқытушысы, э.ғ.м. Мешелева Г. Ф.

 

           

 

 

Просмотров: 590


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст