Ақмола облысы Атбасар ауданы білім бөлімінің қолдауымен жалпы білім беретін мектептердің бітіруші сынып оқушылары қашықтықтан форматында өңірдің ТжКБ жүйесінің алдыңғы қатарлы оқу орны – Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжімен танысуға мүмкіндік алды.
Оқушылар К-ЖТК еңбек нарығында сұранысқа ие 47 біліктілік бойынша техникалық мамандарды дайындайтыны және оларды дайындау үшін жоғары білікті инженерлік-педагогикалық қызметкерлер мен заманауи оқу-өндірістік жабдықтардың бар екендігі туралы білді.
Сонымен қатар түлектер мен олардың ата-аналары тарапынан қызығушылық тудыратын К-ЖТК бірқатар артықшылықтары туралы сөз болды. Олардың бірнешеуін ғана алайық:
- емтихансыз, аттестат бойынша түсу;
- тегін оқыту;
- кепілді стипендия;
- оқу корпустары, жатақхана жақын орналасқан;
- жатақханада тұру;
- "В","В1", "С","С1" санатындағы жүргізуші куәлігін мамандыққа оқумен қатар оқыту және алу.
К-ЖТК – әрқашан алда болу!
К-ЖТК туралы қосымша ақпарат алу үшін pt0008.kokshetau.akmoedu.kz колледж сайтына кіруге немесе 8 747 85915 30 нөміріне қоңырау шалуға болады (Ибраев Бауржан Каиркенович-кәсіптік бағдар және мансап бөлімінің меңгерушісі).