АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тарих сабағында студенттердің танымдық іс-әрекетін, құзыреттілігін қалыптастыруда АКТ-ны пайдалану

15.02.2022

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Қазіргі білім саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларды меңгермейінше сауатты, жан - жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа ақпараттық технологияны меңгерту мұғалімнің зейін – зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани т.б. көптеген ұстаздық қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытушы  алғаш жаңа ақпараттық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден меңгереді, үшіншіден тәжірибеде қолданады,төртіншіден оны  дамытып  нәтижесін көрсетеді. Соның ішінде компьютерлік технологияны қолданудың жеке тұлғаны қалыптастырудағы оның шығармашылық мүмкіндіктерін арттырудағы атқарар ролін қазіргі заман талаптары өзі анықтап отыр. 

Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан, ұстаз– оқытушылар қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология негіздері болып табылады. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр.  

Студенттердің құзыреттілігін  арттыру  негізінде педагогикалық технологияларының  бірі – оқытудың  компьютерлік  технологиясын  өз тәжірибеңде  қолданып  келемін. Оқытудың  компьютерлік  технологиясын пайдалану  мен  үшін  оқу  процесін  жаңа  оқу - әдістемелік  материалдармен қамтамасыз  етуге  және  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  ашуға мүмкіндік  береді.

Өз жұмысымда мен көптеген электрондық ресурстарды қолданамын: мультимедиялық бағдарламалар, интернетте табылған материалдар, интерактивті тестілер, бағдарламар. Олар сабақты турліндіреді және қызықты етеді, студенттерді әр турлі жаңа технологияларды пайдалануға үйретеді. 

Интернетте біз студенттер мен жобаларымызға турлі керекті ақпаратты табамыз: мұражайлар жөнінде, дәстурлі жерлерді, елдерде болып жатқан оқиғаларды. әлемдегі экологиялық жағдайларды, ұлттық мерекелерді және т.б.

Мысал  ретінде   айтсам  Интерактивті  тақта  арқылы  картамен  жұмыс  жасау  кезінде  «Ішкі  Бөкей  Ордасындағы  И.Тайманұлы  мен  М.Өтемісұлы  бастаған  ұлт-азаттық  көтеріліс»  атты  тақырыпта  картадан  көтерісшілер  өткен  жерлерді  шартты  белгілермен  бегілеп  көрсет,  мысалы:  Кенесары  Қасымұлының суретін  құрастырып  ол  туралы  өз  ойларын  айту. «Абылай  хан»  тақырыбы  бойынша  интервью  жасау,  оны  жаңа  сабақ  бастамас  бұрын,  жақсы  оқитын  студентке  алдын  ала  беріп  бейнетаспаға  түсіріп  алып  келуін  сұрайсыз.Бұл  тақырыпта  интерактивті  тақта  арқылы«Өз  біліміңді  тексер»,  «жасырын  сөз», картамен  жұмыс,  жаңа  сабаққа  қатысты  студенттер  өздері презентация жасаған  болатын. 

Қорыта айтқанда, ақпараттық технологияларды тарих сабағында қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді: - Студенттерге еркін ойлауға мүмкіндік береді; - Сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі; - Студенттің барлығына сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады; - Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастыруға көмектеседі; - Тіл байлығын дамытады; - Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді; - Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді; - Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.

Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.

Оқытушы- ақпараттанушы емес, студенттің  жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді. Компьютерді пайдалану оқушының пәндер бойынша терең танып білуіне ғана емес сондай - ақ, есептеуіш техникамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру уақыт талабы екенін сезінуіне жағдай жасайды. Кез келген сабақтарда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану студенттің қызығушылығын ғана тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді.

Тарих пәнінің оқытушысы:Бектенова Аяжан Шотпаевна

Просмотров: 255


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст