АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Автомобиль пәндерін оқыту процесінде компьютерлік оқыту бағдарламасы ретінде «ELECTUDE» қолдану»

11.02.2022

Қазіргі уақытта К-ЖТК оқу процесіне студенттерге оқу материалын түсіндіру және оны игеру дәрежесін бақылау үшін қолданылатын дербес компьютерлер негізінде бағдарламалық технологиялар белсенді түрде енгізіліп жатыр. Жаңа ақпараттық технологиялар құралдарының ішінде «ELECTUDE» айтулы орын алады. Аталған бағдарлама SENSYS халықаралық инжиниринг орталығымен ұсынылды.  

ELECTUDE дегеніміз не? 

ELECTUDE – бұлтты технологиясына негізделген электронды оқыту. Көлік технологиялары саласындағы мамандарды қашықтықтан интерактивті оқытудың жетекші әлемдік жүйесі болып табылады.

   К-ЖТК осы бағдарлама бойынша «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» бөлімінің студенттері оқиды. Бұл бағдарламаның негізгі модульдері – «Автомобиль құрылысының негіздері», «Диагностика», «Автомобиль қызметі». Студенттер кез-келген құрылғыдан оқытылады: компьютер, ноутбук немесе смартфон.

     ELECTUDE-интерактивті сипаты бар жүйе. Бұл оқу материалына барынша назар аударуды қамтамасыз етеді. Үнемі кері байланыс, оқыту процесінде оқушының түсіну деңгейін бақылау мүмкіндігі, сонымен қатар еркіндік: оның ішінде жеке прогресті өзі бақылау мүмкіндігі.

   Оқыту кезінде студенттердің сабаққа деген қызығушылығы артады, оқыту неғұрлым белсенді болса, оның нәтижелері соғұрлым жақсы болмақ. ELECTUDE бағдарламасындағы студенттердің өздік жұмысы білімнің жаңа қырын ашады, танымдық қызығушылықты дамытады.

  Аталған бағдарлама бойынша алған білімдерін студенттер колледждің құзыреттілік орталықтарында және шеберханаларында практикада қолданады. Оқыту нәтижелері кәсіби байқауларда өз жемісін беруде.

       Сондықтан компьютерлік бағдарламаларды жүйелі түрде пайдалану терең және берік білім алуға, оқушылардың шығармашылық ойлауы мен қабілеттерін дамытуға, алған білімдерін, дағдыларын нақты жағдайларда қолдана алуға мотивациялық дайындықты қалыптастыруға ықпал етеді.

Арнайы пәндер оқытушысы Аяпбергенов З.Ж.

Просмотров: 390


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст