Кәсіптік білім беру жүйесінде оқыту сапасын арттырудың маңызды міндеті оқу процесін ұйымдастырудың, оның барынша тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін нысандары мен әдістерін іздеу болып табылады.
Сабақта заманауи білім беру технологияларын қолданудың дәстүрлі сабақтан айырмашылығы, оның жаңашылдығында болып табылады, нәтижесінде сабаққа деген қызығушылықты арттырады, студенттерді танымдық процеске белсенді тартады, материалды игеруді жақсартуға және шығармашылық ойлауды танытуға ықпал етеді.
Педагогикалық тәжірибемде сабақ өткізу барысында әр студентпен жеке білім беру траекториясын таңдауға жағдай жасау, олардың танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға шабыттандыру үшін оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолданамын, сондықтан басты міндет – студенттердің мотивациясын қалыптастыру үшін жағдай жасау, олардың қабілеттерін дамыту, оқытудың тиімділігін арттыру деп есептеймін.
Мәселен, тарауларды оқыту кезінде өзіме жаңа ақпарат алу үшін, ал студенттердің дәстүрлі ақпарат көзінен сұрақтарға жауап алуына қол жеткізуі үшін интернеттің мүмкіндіктерін міндетті түрде пайдаланамын. Ең бастысы, интернетті пайдалану арқылы ақпарат алу процесі қызықты болады және әр студенттің бойындағы шығармашылық бастамаларын дамытады.