АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақпараттық және компьютерлік технологияларды тарих сабағында пайдалану

09.02.2022

Мен тарих пәнінің ұстазы ретінде  «Мультимедиялық презентациялар тарих сабағында танымдық дағдыларды дамыту құрал ретінде» атты әдістемелік тақырыппен жұмыс жасаймын. Негізгі сабақтың мақсаты – тарих сабағында АКТ- ны қолдану арқылы студенттердің өздігінен білім алуын шешудегі өз тәжірибесін сиппатау. Студент алдында негізгі міндет қойдым  яғни АҚТ-ның оқу-тәрбие үрдісіндегі орнын көрсету мен қолданатын оқу үрдісін ақпараттандыру үлгілері туралы айтып беріледі. Сабақта АКТ қолдану мәселелерін қарастырамын. Бұл міндетті шешу үшін колледжімізде барлық жағдай жасалған. Сабақты қызықты және есте қарарлық етіп өткізу үшін оқудың тиімді болуы үшін сабақты әртүрлі формаларын өткіземін. Қалай оқыту керек? Студенттің қызығушылығын таныту үшін. Менің басты міндетім – студенттерге болашақ өмірінде қажет болатын дағдыларды меңгеруге көмектесу, білім алу, үлкен ақпарат ағымымен жұмыс істеп , өз бетінше шешім қабылдау және оған жауап беру, жұмыс істей білу, сабақтан тыс іс-шараларды немесе тақырыптық сабақтарды өткізуге көмектеседі. Жаңа педагогикалық технологияларды ақпараттық –технологияны бірінші кезекте компьютерлік технологияны кеңінен қолданбай елестету мүмкін емес. Дәл осылар тәрбиенің жаңа әдістерінің педагогикалық, дидактикалық қызметтерін толық алуға мүмкіндік береді. Ақпараттық-компьютерлік технологияларды қолдану тарих ұстазына өз пәнін оқытуда жаңа мүмкіндіктер ашылады. АКТ –ны пайдалана отырып , кез келген пәнді оқу студенттерге рефлексия жасауға және сабақ элементтерін құруға , ғылыми жұмыстарды, жобаларды дайындауға қатысуға мүмкіндік береді, бұл студенттердің пәнге деген қызығушылығын дамытуға ықпал етеді, ізденіс, зерттеушілік сипаттары, шығармашылық жұмыстар. Дәріс барысында әртүрлі ақпараттық обьектілерді қолданамын: суреттер, (слайдтар), тірек сызбалар, әртүрлі дидактикалық материалдар. Слайдтармен, суреттермен және басқа демонстрациялық материалдармен жұмыс істеудің тиімділігі , егер олар диаграммалармен кестелерді  көрсетумен толықтырылса , әлдеқайда жоғары болады. Мұндай сабақтардан кейін оқытылатын материал студенттердің жадында жарқын бейне ретінде сақталады және ұстазға студенттердің танымдық белсенділігін арттыруға көмектеседі.  Көбінесе өз тәжірибемде үй тапсырмасын сұрау да, жаңа материалды түсіндіруде де болатын аралас типтегі сабақтарды өткіземін.

 Тарих пәнінің оқытушысы А.Т. Рахимжанов 

Просмотров: 419


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст