АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ТӘЖІРИБЕГЕ - "КАМАЗ" ЖАҚ, НАБЕРЕЖНЫЕ ЧЕЛНЫ ҚАЛАСЫ

09.02.2022

«КАМАЗ» ЖАҚ - да тәжірибиеден өту - бұл «Машина жасау технологиясы», «Икемді автоматты желілер» мамандықтарының 3-4 курс студенттері мен «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің» өндірістік оқыту шеберлері Дәурен Әубәкіров пен Әли Бұзұртанов үшін бірегей мүмкіндігі.

"КАМАЗ" компаниялар тобы – ауыр жүк автомобильдерін әлемдік жетекші өндірушілердің 20-лығына кіретін Ресей Федерациясының ірі автомобиль корпорациясы.

Жыл сайын "КАМАЗ" өндірістік нысандары Ресей Федерациясы мен ТМД елдерінің техникалық және машина жасау мамандықтары студенттерінің өндірістік тәжірибиеден өту алаңына айналады.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы машина жасау саласындағы Үкіметаралық келісімнің арқасында біздің колледж студенттеріне ақылы өндірістік тәжірибиеден өту мүмкіндігі туды, оның шеңберінде Қостанай қаласында салынып жатқан зауыттар үшін кадрларды мақсатты даярлау көзделген.

2022 жылдың 23 қаңтары мен 31 наурызы аралығында өндірістік тәжірибе барысында Көкшетау студенттеріне қозғалтқыштар, арматуралық-құрастыру, термогальваникалық өндірістерде, "Мотор" өндірісінде және бас механик қызметінде өздерінің кәсіби дағдыларын көрсету және бекіту мүмкіндігі берілді. Олар жұмысты болашақ біліктіліктерге сәйкес келетін тәжірибие бағдарламасына сәйкес орындайды: Механикалық құрастыру жұмыстарының слесары, токарь, сандық басқару бағдарламасы бар станоктарының операторлары.

Практика басталар алдында студенттер міндетті түрде қауіпсіздік техникасы бойынша оқудан, жұмыстарды орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдері бойынша нысаналы тағайындау курсынан өтті. Бірқатар мамандықтар үшін технологиялық қызмет мамандарының басшылығымен технологиялық процесті зерттеу, Оқу-технологиялық кешендегі құрастыру құралдарын пайдалану ережелерін зерттеу қарастырылған.

Тәжірибиеден өту кезінде әрбір студентке өндірістік оқыту нұсқаушысы бекітілген.

Студенттерімізге кәсіби шеберліктерін арттырып, аралас мамандықтарды игеріп, шеберліктерін шыңдауға тілектеспіз.

Басшының өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары Н.Е.Ибраев

Просмотров: 212


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст