Текст
24.01.2022

К-ЖТК басшысы Еслямова Ақнұр Қабиденқызы ИПҚ 2022 жылғы 24 қаңтарда басталатын оқыту кестесімен таныстырып, білім беру әдістемелік контенттерін жаңарту бойынша жаңа міндеттер қойды.
Басшының ӨОЖ жөніндегі орынбасары В.В.Гапеев және арнайы пәндер оқытушысы З.Ж.Аяпбергенов «Еlectude» бұлтты технологиялар базасында автомобиль саласы мамандарын электрондық оқыту үлгісінде оқытудың инновациялық жүйелерін ұжымға ұсынды.

Келесі спикер болып арнайы пәндер оқытушысы Д.А.Аширов 07161300 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығына арналған «Автомобиль құрылысы» пәні бойынша әдістемелік құрал әзірлеу алгоритмі туралы сөз сөйледі.
IT бағытының арнайы пәндер оқытушысы Г.А.Моргунов ұжымға ТжКБ ұйымдарында ашық оқытуды ұсынды және оқушылардың өзін-өзі оқытуы мен өзін-өзі бақылауы үшін оның артықшылықтарына тоқталды.

Арнайы пәндер оқытушысы Н.У. Асылбекова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің серіктесі бола отырып, «Еңбек» платформасында білім алушыларды даярлаудың/ қайта даярлаудың онлайн курстарын құру мүмкіндіктерін көрсетті.



