Текст
2022 жылғы 21 қаңтарда «Колледждерде инклюзивті білім беруді дамытудың тәжірибесі мен перспективалары» атты республикалық бейнемост өтті. Автоматтандыру және өндіріс бөлімінің меңгерушісі М.Ж. Нұрахметова Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінде ЕБҚ студенттерді оқыту тәжірибесімен бөлісті. Бұл оқыту өмірлік қажетті білімді, дағдыларды игеруге, әлеуметтік бейімделуге ықпал ететін жеке тұлғаны дамытуға, түзету-дамыту жұмысы мен тәрбие арқылы әртүрлі нозологиялары бар адамның толыққанды әлеуметтендірілген тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.