Көкшетау қ. Жоғары техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы З. Ж. Аяпбергенов "Қараша кәсіптік және ақпараттық технологиялар колледжі" өткізген "Кәсіптік білім беру: дәстүрлерді сақтау және даму болашағы" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференцияның мақсаты: білім берудің әлеуметтік мәні туралы дәстүрлі түсініктерді, оның қоғамдық практиканың басқа түрлерімен өзара байланысын, білім берудің адам мен қоғам өміріндегі әлеуметтік институт ретіндегі орны мен рөлін ескере отырып, кәсіптік білім беруді дамытудың мақсатты функциялары мен перспективаларын қайта қарастыру.
Заиржан Жуматаевич "Еңбек нарығын трансформациялау және экономикалық қатынастарды цифрландыру жағдайында кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың қазіргі заманғы трендтері" секциясында "Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі" мысалында "Кәсіптік білім беру ұйымында оқытудың дуальды жүйесінің элементтерін іске асыру" тақырыбымен сөз сөйледі.
Қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Колледж әдіскері Г. К. Азанова