АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің студенті Картошов Николай Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Ақмола облысының Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері" тақырыбында колледж студенттері арасында облыстық ғылыми-практикалық конференцияға белсенді қатысты.

30.12.2021

Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің студенті Картошов Николай Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Ақмола облысының Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері" тақырыбында колледж студенттері арасында облыстық ғылыми-практикалық конференцияға белсенді қатысты. Конференцияның мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылында Ақмола облысының дамуы туралы білімдерін өзектендіру;  патриоттық сезімге, өз Отанына деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеуге ықпал ету;  елдегі Тәуелсіздікті жырлаған ақын-жазушылардың рөлін ашу; аймақтың мәдениет, спорт саласын дамытудағы жетістіктерді көрсету; студенттерді зерттеу қызметіне тарту; Отан тарихына деген қызығушылықты қалыптастыру, студенттердің рухани тәрбиесіне және өз елі алдындағы жауапкершілікке ықпал ету. Николай және тәлімгер, Қазақстан тарихының оқытушысы А. Ш. Бектенова сертификатпен марапатталды. Құттықтаймыз! Шығармашылық жетістіктер тілейміз!

Колледж әдіскері Г. К. Азанова

Просмотров: 222


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст