2021 жылғы 23 желтоқсанда «Болашақ сарайында» Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен «WorldSkills Kazakhstan – 2021» VI Ұлттық чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және «Қазақстан Республикасы колледждерінің 100 үздік студенті» республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің басшысы Еслямова Ақнұр Қабиденқызы Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Ақшалай сертификатпен «WorldSkills Kazakhstan -2021» республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздары К-ЖТК студенттері мен сарапшы-компатриоттары марапатталды.
Чемпионат қорытындысы бойынша К-ЖТК студенттері 4 алтын, 2 күміс, 3 қола және 9 медальон жеңіп алды!
4 құзыреттілік бойынша алтын медальдар:
1) Сандық бағдарламалық құрылғысы бар станоктардағы фрезерлік жұмыстар, Кононов Вячеслав Романович;
2) Электроника, Шипелев Николай Сергеевич;
3) Шанақты жөндеу, Дәуренбеков Рауль Жандарбекұлы;
4) Жиһаз өндірісі, Прилежаев Владислав Николаевич.
2 құзыреттілік бойынша күміс медальдар:
1) Дәнекерлеу технологиялары, Катин Максим Вячеславович;
2) Жүк техникасына қызмет көрсету, Данильченко Владислав Сергеевич.
3 құзыреттілік бойынша қола медальдар:
1) Ақпараттық кабельдік желілер, Семиножко Сергей Вадимович;
2) CAD инженерлік графикасы, Кравец Кирилл Николаевич;
3) Заттар Интернеті, Пшеничный Илья Андреевич.
Құттықтаймыз! Толағай табыстар мен үлкен жетістіктер тілейміз!
Басшының ОӘЖ жөніндегі орынбасары Д. У. Қожахметова