АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің жетекшісі Еслямова Ақнұр Қабиденқызы "Құрмет" орденімен марапатталды

15.12.2021

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің басшысы Еслямова Ақнұр Кабиденқызы мемлекеттік «Құрмет» орденімен марапатталды.

А.К.Еслямованың басшылық еткен жылдардағы нәтижелі жұмысының көрсеткіштері жоғары деңгейде әртүрлі кәсіби іс- шаралар мен сайыстарда бірнеше рет танылып жүр.

Ақнұр Қабиденқызының басшылығымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мазмұнындағы өзгерістер қолданбалы бакалавриат бойынша интеграцияланған білім беру бағдарламаларын табысты енгізу, бәсекеге қабілетті мамандарды кешенді даярлау үшін теңдесі жоқ білім беру платформасын құру арқылы жүзеге асырылды.

Қазақстанның инновациялық дамуы үшін еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, бірнеше жұмыс біліктілігіне ие мамандарды дайындауда тәжірибеге бағытталған оқытуды іске асыруды өз қызметінде неғұрлым маңызды деп санайды.WorldSkills аймақтық, ұлттық және халықаралық чемпионаттарында колледж студенттерінің көптеген жүлделі орындарына ие болуы білім беру бағдарламаларын меңгерудің нәтижесі болып табылады.

Ақнұр Кабиденқызы– негізгі және қосалқы мақсаттар мен міндеттерді нақты ажырата білетін, аналитикалық ой-өрісі бар, ұжымды баурап, адамдарды жұмысқа қызықтыра алатын табысты басшы. Қызметкерлерді оқыту, олардың кәсіби деңгейін арттыру, қарамағындағы қызметкерлердің дарындылығы мен кәсіби қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беру негізінде ұжымды ұйымдастыра білу дағдыларына ие.

Білім беру саласын дамыту мен жетілдіру ісіне көп жылдар бойы аянбай еңбек етіп,өз ісіне берілгендігіңіз бен кәсіби шеберлігіңіз, әділдігіңіз бен адамгершілігіңіз үшін әріптестеріңіз Сізді білікті маман, ақжүрек азамат ретінде құрметтейді.

Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізді тілеймін.

Әрдайым жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!

 

Просмотров: 345


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст