Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Ұлы Дала Елі-Тәуелсіздіктің 30 негізі" атты салтанатты іс–шара өтті.
Ресми бөлімді "Nur Otan" партиясы Ақмола өңірлік филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.М. Бекмағамбетов ашты, ол Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасуы туралы айтып берді, ұжымға ел дамуының стратегиялық бағытын іске асырудағы соңғы жылдардағы табысты жетістіктері үшін алғысын білдірді, инеженерлік-педагогикалық ұжымды мерекемен және колледж басшысы А. К. Еслямованы "Nur Otan" партиясының "Құрмет" орденімен және "Құрмет грамотасымен" құттықтады.
Басшы А. К. Еслямова құттықтау сөз сөйлеп, алғыс айтты.
Ресми бөлім барысында еліміздің тәуелсіздігінің қалыптасу жылдарында еңбек еткен, жас ұрпақты, үздік оқытушыларды, 2021 жылғы өндірістік оқыту шеберлерін оқыту мен тәрбиелеуге үлкен үлес қосқан, халықаралық жобалардың жеңімпаздарын, Worldskills Kazakhstan өңірлік және Ұлттық чемпионатының жүлдегерлерін дайындаған, республикалық, облыстық кәсіби шеберлік конкурстарында, спорттық іс-шараларда жүлделі орындарға ие болған техникалық және кәсіптік білім беру ардагерлерін марапаттау рәсімі өтті. Барлығы алғыс хаттармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Нұр-сұлтан қаласының қоғамдық бірлестігі мен Ақмола облысының Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы атынан оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлеріне құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасты.
Барлық ақмолалықтарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Біздің елімізге бақыт пен жақсылық! Тәуелсіз Қазақстан гүлдене берсін!
Басшының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары К. М. Алиева