09.12.2021
Біліктілікті арттыру бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Талап» КЕАҚ-пен бірлесіп, педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын жүзеге асырады.
Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушылары, бөлім меңгерушілері «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында академиялық дербестікті ескере отырып, білім беру процесін модельдеу» білім беру бағдарламасы бойынша 108 академиялық сағат, 72 аудиториялық сағат және 36 сағат практика көлемінде бейіні бойынша өз біліктілігін арттыруды жалғастыруда.
Басшының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Д. У. Кожахметова