Текст
8 қарашада Көкшетау қаласы Жоғары техникалық колледжінің базасында "Шанақ жөндеу", "СББ станоктарындағы фрезерлік жұмыстар", "Ағаш шеберлігі ісі" және "Өнеркәсіптік дизайн" сияқты төрт қосымша құзыреттілік бойынша WorldSkills Kazakhstan-2021 Ұлттық кәсіби шеберлік чемпионатының ашылуы өтті.
WorldSkills Kazakhstan 2021 Ұлттық чемпионатының конкурсанттарын Ворлдскилс – Қазақстан қозғалысының ұлттық операторы, "Талап" коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас менеджері А.А. Есдавлетова және бас маман М.Х.Тоқсанбаев құттықтады. Ертең байқау күндері басталады. Қатысушылардың ынтасы, күш-жігері мен белсенділігі лайықты марапатқа ие болуын тілейміз!