Текст
Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы "Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі" МКҚК базасында өскелең ұрпақ арасында адамгершілік пен патриотизмді адам бойында жоғары деңгейде тәрбиелеуге бағытталған "Адал ұрпақ" еріктілер мектеп клубының онлайн-слеті өтті.
Іс - шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл өңірлік департаментінің басшысы Арман Рахимов ЖТК-К-дың құзыретті орталықтарының оқу-өндірістік қызметімен танысты.
Жастарға құттықтау сөз сөйледі. Ол қазіргі жастар бәсекеге қабілетті және дамыған мемлекет құруға қабілетті аға буынның мұрагері болуының маңыздылығын атап өтті.
Басшының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Д. У. Кожахметова