Біз бәріміз жас ұрпақтың қайырымды және мейірімді болғанын қалаймыз. Не істеу керек? Мейірімділік пен жомарттық бізде басқа адамдарды бақытты етіп, оларға бір нәрсе бергенде өсе бастайды. Сондықтан біздің балаларымызға олардың іс-әрекеттері басқалардың қуаныш сезіміне қалай әсер ететінін сезінуге мүмкіндік беру керек.
Игі акцияны жалғастыра отырып, Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің (ЖТК-К) ЭМ 20-11 тобының шеберлері мен білім алушыларынан құралған мобильді топ 20 қазанда Красный Яр ауылына барып, құрметті ардагерлерге аула аумағын жинауда, абаттандыруда; бау-бақша учаскелерін қазуда және ретке келтіруде көмек көрсетті. Балалар жағымды эмоцияларды сезініп, атқарылған жұмыстан кейін ризашылық, жылы лебіздер айтқан кезде аздап ұялды. Құрметті ардагерлерімізге ұзақ ғұмыр тілейміз!
Акция ЖТК-К жалғасуда-жақсылық көбеюде!
Кәсіптік бағдар және Мансап бөлімінің меңгерушісі Ибраев Б. К.