АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінде "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында ашық сабақ өтті

29.09.2021

Ашық сабақтың мақсаты: Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы рөлін түсіну арқылы жастар арасында патриотизм сезімін күшейту. 

28 қыркүйек күні Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздіктің жетістіктері" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Студенттер тәуелсіз мемлекеттің даму кезеңдері, тәуелсіздік алудың бастауында тұрған Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың зор еңбегі, Қазақстанның қазіргі басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың табысты егемен мемлекеттің қалыптасуын жалғастыруы туралы презентацияны ұсынды. Іс-шараға педагогикалық еңбек ардагері, Ыбырай Алтынсарин белгісінің иегері Кранин Александр Ильич қатысты: «Тәуелсіздік жылдарында мен елдің қалай дамып жатқанын көрдім, көптеген өзгерістердің куәсі болдым. Атап айтқанда, егемендікке қол жеткізгеннен кейін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде оқитын студенттердің үлкен мүмкіндіктері пайда болды. Бүгінгі таңда колледжде жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған заманауи материалдық-техникалық база бар, жаңа ақпараттық технологиялар енгізілуде. Студенттер болашақта мемлекетіміздің дамуы үшін сапалы білім, білік, дағды алу үшін үлкен мүмкіндіктерге ие».

Сабақ барысында студенттер "Қазақстанға - 30 жыл" интеллектуалдық ойынына қатысып, еліміздің тарихы бойынша өз білімдерін көрсетті.

Тарих пәнінің оқытушылары Кожахметова Г. К. және Ракишева Р.Ж.

 

Просмотров: 224


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст