16 қыркүйек күні жаңа оқу жылында "Бірлік" жас және жаңадан келген мамандар клубының, "Бір мақсатқа бірге"тимбилдингінің бірінші отырысы өтті. Оның мақсаты педагогикалық қызметпен және білім беру процесін ұйымдастырумен, еңбекті қорғаумен танысу, сондай-ақ ұжымды біріктіру және командадағы жалпы міндеттерді шешу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Оқу бағдарламаларының мазмұнын зерделеу, нормативтік құжаттарды толтыру мәселесі бойынша басшының ОӘБ жөніндегі орынбасары Г.Ж. Калиева, педагогтарды аттестаттау, республикалық, халықаралық конкурстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу, БАҚ - да жариялау мәселесі бойынша басшының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Д. У. Кожахметова түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жас маман клубының төрайымы Ю. Е. Нигматулина клубтың жас мамандарға тәлімгерлерді бекіту бойынша жұмыс жоспарымен таныстырды.
Орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы О. А. Мальцева жас оқытушылар арасындағы мотивациялық жұмысты арттыруға арналған ойындар өткізді. Отырыс оң, креативті және жемісті өтті! Жас мамандардың алдағы жұмыстарына жетістіктер тілейміз!
Жас маман клубының төрайымы Нигматулина Ю. Е.