АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Болашақ бізге тиесілі» интеллектуалды сайысы

17.09.2021

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі. Бұған дейін (1998 жылдың 20 қаңтарынан бастап)  22 қыркүйекте атап өтілетін мереке, 2017 жылғы үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысымен 5 қыркүйекке ауыстырылған. Атаулы датаның өзгеру себебі – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. Бүгін барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды. Жыл сайын бұл мерекені Қазақстанда тұратын ұлт өкілдері мен ұлыстар тойлап келеді. Сондықтан республика аумағында барлық облыстарда тілдер апталығы, онкүндіктері, айлықтары, фестивальдары өтеді. Еліміздегі бірлік пен келісімді білдіретін шаралар аясында өнер шеберлерінің концерттері, тілдерді меңгеру бойынша конкурстар, дөңгелек үстелдер мен ғылыми конференциялар өтеді.                    

Бұл айтулы мереке Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің оқытушылары мен студенттерін айналып өткен жоқ. 2021 жылдың 15 қыркүйегінде тарих пәнінің оқытушылары Кожахметова Г.К, Ракишева Р.Ж, қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы Тулепова А.А. және ағылшын тілі пәні оқытушысы Даулетова Ж.С  колледж студенттерімен «Болашақ бізге тиесілі» атты үш тілде интеллектуалды сайыс өткізді. Сайыстың негізгі мақсаты студенттердің Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып,  3 тілде білімдерін шыңдай түсу болды.     

Студенттер 3 тілде келген ұлы даланың табиғаты, оны мекендейтін аң-құстары мен жайқалған өсімдіктері, тарихи мәліметтер мен ұлттық аспаптар туралы сұрақтарға белсенді жауап берді. Бүгінгі сайысымыз студенттерге жағымды әсер қалдырды деп есептейміз.

Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Тулепова А. А.

 

Просмотров: 224


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст