Текст
Тілдер апталығы аясында "Туған тіл - рухани байлық" атты сайыс сабағы А -21 тобында өтті. Тіл, сөз дегеніміз - ата - бабамыздан келе жатқан ел дәстүрі. Бұл дипломатиялық құрал халықтың бүкіл сана - парасатын, биіктігі мен тереңдігін паш ететін үлкен өнер. Тіл - адамдар арасындағы қасиетті қатынас құралы. Тілсіз қоғам жоқ. Бұл екі нәрсе бір - бірінсіз өмір сүрмейді. Қай халықтың болса да басынан өткендері, қилы кезеңдері, өз ана тілі арқылы бір - біріне жалғасқан.Тәуелсіз Қазақстан тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөліп келеді. Мемлекет болған жерде оның Мемлекеттік тілі болуыда керек.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Садвакасава Асель Ауэзхановна.