8 қыркүйек күні «Қазақстан халқының тілдер онкүндігіне» арналған іс-шараларды аясында орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы О.Я. Пильник «Лингвистикалық квест» өткізді.
Іс-шараның келесі мақсаттары болды: тілдерге, басқа ұлттардың мәдениетіне деген құрметтілікті тәрбиелеп, оларды білуге деген ұмтылыстарын арттыру;
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына, логикалық ойлауы мен оқуға деген ықыластарын көтеру, азаматтық сезім мен өзара сыйластықты, бір-біріне толерантты қарым-қатынасты тәрбиелеу.
Конкурс ИС-21 тобының студенттерімен өткізілді. Балалар «Сөзшілер» мен «Тілшілер» болып екі топқа бөлінді. Ойын қызықты, әрі тартысты өтті, себебі топтар өте мықты болды. Балалар тіл жағынан өте жақсы білімдерін көрсетіп, тапқырлық танытып, тапсырмаларды орындауда шығармашылықтарын көрсетті. Квестті қорытындылай келе, біз "Сөзшілер" командасы да, "Тілшілер" командасы да бірдей ұпай жинағанына назар аудардық. Соңында "Достық" жеңді деп шештік.