Текст
Өрлеу "БАҰО" АҚ жаңа оқу жылы қарсаңында орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының студенттеріне"педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту" онлайн — курсынан өтуге тамаша мүмкіндік берді. Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің оқытушылары белсенді қатысты.
Оқыту барысында оқытушылар заманауи цифрлық білім беру технологияларымен, оларды оқу процесінде пайдалану қағидаларымен танысты және цифрлық ортада сабақтарды жобалау және тиімді оқу ортасын құру үшін дизайн-ойлау дағдыларын қалыптастырды.