АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

OPEN AI

04.05.2026
🇰🇿 🇱🇷 Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжде ағылшын тілінде ұйымдастырылған «OPEN AI» іс-шарасы заманауи мамандықтар мен білім беру жүйесіндегі жасанды интеллекттің рөлін зерделеуге арналды.
Іс-шара CLIL әдістемесі (пән мен тілді кіріктіре оқыту) негізінде өткізілді. Интерактивті тапсырмалар, «Ғажайып алаңы» ойыны, ЖИ-викторина және «Problem Solving» кезеңі арқылы студенттер техникалық ағылшын тілін нақты тәжірибелік жағдайларда қолданды.
✅Іс-шараға төрт команда қатысты: ArchiNova, Speaking Club, The Smart Link және Bug Slayers. Әрбір команда креативтілік, техникалық білім және коммуникативтік дағдылардың жоғары деңгейін көрсетті.
Гран-при: Bug Slayers — бағдарламалау және жасанды интеллект технологиялары бойынша үздік шешімдер үшін
I орын: Speaking Club — қалалық дағдарыстарды басқаруда тиімді коммуникация үшін
II орын: The Smart Link — мехатроника саласындағы тәжірибелік ЖИ шешімдері үшін
III орын: ArchiNova — жасанды интеллектті қолдану арқылы архитектурадағы инновациялар үшін
📍 Қазылар алқасы құрамында Ш.Уәлиханов атындағы КМУ әдіскері Каирова А.А., ағылшын тілі оқытушысы Сабитова А.Б., арнайы пәндер оқытушысы Канапина А.У., сондай-ақ колледж президенті Волков В. болды. Олар қатысушылардың тек тілдік деңгейін ғана емес, сонымен қатар техникалық ойлау қабілетін де бағалады.
Ш.Уәлиханов атындағы университет студенттері: Аймурзинова А., Темірғали А., Мейірманова Д., Қойшыбаева Д., Нұрлан Н., Марат А., Ескендірова С., Асқар И. «тең — теңіне» қағидаты бойынша тәлімгерлік қолдау көрсетті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі басшының орынбасары Кожахметова Д.У., сондай-ақ ағылшын тілі оқытушылары Шурманова Ж.Т., Мұқанова А.Б., Даулетова Ж.С., Сейтахметова А.Ж.
«OPEN AI» іс-шарасы техникалық ағылшын тілі мен жасанды интеллекттің үйлесімі енді тек тәжірибе емес екенін дәлелдеді. Бұл — бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайтын колледждер үшін жаңа білім беру стандарты.


 
Просмотров: 28


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст