Колледжді бітіргеннен кейін кейбір түлектер университетке түсуді шешеді, бірақ көпшілігі: «қайда жұмысқа барамын?» деген сұрақ астында қалады. Өз түлектеріне одан әрі жұмыс орнын таңдауға көмек көрсету мақсатында 26 мамыр күні Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінде онлайн режимде Бос орындар жәрмеңкесі өтті. Көкшетау қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері: "Новопэк" ЖШС, "КАМАЗ автоқызмет орталығы" ЖШС, "Тыныс" АҚ, "Гормолзавод" ЖШС, "Кокшетауминералды сулары" АҚ, "Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы" ЖШС, автоқызмет көрсетушілер және т. б. шақырылды.
Іс-шараға автомеханикалық мамандықтар бөлімінің бітіруші топ студенттері және нәтижелі жұмыспен қамтуды дамытудың "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алушылар қатысты, олардың ішінде автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша мамандар, электргазбен дәнекерлеушілер, техник-механиктер және т.б. Жұмыс берушілердің өкілдері білім алушыларға бос жұмыс орындары, еңбек шарттары мен төлемдерінің ерекшеліктері туралы айтып берді. Кейбір кәсіпорындар басқа қалалардан жатақханадан орын, тегін тамақ, толық әлеуметтік пакет ұсынады.
Ақпарат болашақ мамандарды қатты қызықтырды, жұмыс берушілерге көптеген сұрақтар қойылып, түлектердің көпшілігі одан әрі жұмысқа орналасу туралы шешім қабылдады. Колледж ұйымдастырған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі түлектер үшін де, жұмыс берушілер үшін де өте пайдалы болды. Түлектерге дипломдық жобаларды қорғауда және одан әрі еңбек қызметінде табыс тілейміз.
Автомеханикалық мамандықтар бөлімінің меңгерушісі А.Нурумов.