Текст
2021 жылғы 21 мамырда Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжіне Қарағанды техника-құрылыс колледжінен әріптестеріміз келді. Келудің мақсаты-тәжірибе алмасу, кәсіби өсуді арттыру, колледж педагогтары қолданатын жаңа инновациялық бағыттармен танысу.
Қонақтар құзыреттілік орталықтарында, оқу-өндірістік шеберханаларында студенттер шеберлердің басшылығымен заманауи жабдықтарда оқытудың қалай өтіп жатқанын өз көздерімен көрді. Сондай-ақ, қонақтар Сертификатталған 1С орталығымен танысты. Әріптестер колледждің заманауи материалдық-техникалық базасынан әсер алып, ұжымның жұмысын жоғары бағалап, шығармашылық табыс тіледі!