Текст
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі" МКҚК-да курстар бірыңғай сертификатталған әдістемелер мен материалдар бойынша өтеді. Әрбір тыңдаушы курс бойынша әдістемелік материалдар мен бірыңғай үлгідегі курстан өткені туралы куәлік алады. Барлық курстарды "1С:Кәсіпорын" бағдарламалық өнімдерін енгізуде үлкен тәжірибесі бар 1С-Оқу орталықтарының әдіскер-оқытушылары әзірлеген.