Текст
2021 жылдың 4-5 мамыр аралығында Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжіне Атырау қаласының Саламат Мұқашев атындағы жоғары политехникалық колледжінің өкілдері келді. Келудің мақсаты-тәжірибе алмасу, кәсіби өсуді арттыру, колледж педагогтары қолданатын жаңа инновациялық бағыттармен танысу.
Қонақтар колледждің заманауи материалдық-техникалық базасына таң қалды. Кәсіби стандарттарға сәйкес заманауи жабдықтармен жабдықталған құзыреттілік орталықтары мен оқу аудиториялары ерекше назар аударды.
Атырау қаласының өкілдері колледж ұжымының жұмысын жоғары бағалап, шығармашылық табыс тіледі, пікірлер мен тілектер кітабына ізгі ниеттері жазылып, оң пікірлер қалдырылды.