АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көкшетау қ., Жоғары техникалық колледжі ADVANCED MANUFACTURING (озық өндіріс Индустрия 4.0) бағдарламалары бойынша халықаралық салалық аккредиттеудің Singapore Polytechnic аудитор-қонақтарын қарсы алды. Инженерлік-педагогикалық ұжыммен кездесу өтті.

23.04.2025
📌2025 жылғы 9 сәуірде Көкшетау қ., Жоғары техникалық колледжі ADVANCED MANUFACTURING (озық өндіріс Индустрия 4.0) бағдарламалары бойынша халықаралық салалық аккредиттеудің Singapore Polytechnic аудитор-қонақтарын қарсы алды. Инженерлік-педагогикалық ұжыммен кездесу өтті.
Колледж басшысы Ақнұр Қабиденқызы Еслямова Сингапур политехникалық колледжінің өкілдеріне біздің оқу орнымызбен ынтымақтастығы үшін зор алғысын білдірді!
Сингапур политехникалық колледжінің Халықаралық бөлімінің басқарушы директоры То Сер Кхун мырза колледж ұжымына құттықтау өз колледжін таныстырып, жоғары технологиялық өндірістерге мамандар даярлау саласында жоғары техникалық колледжмен одан әрі жемісті ынтымақтастыққа дайын екендігін айтты.
Ақнұр Қабиденқызы: «...біздің оқу орнымыз республикадағы ең ірі техникалық колледждердің бірі болып табылады. Сондықтан біздің мақсатымыз-халықаралық аккредиттеуден өту: біз дайындап жатқан мамандар әртүрлі әлемдік салалық стандарттарға сәйкес келетін жоғары технологиялық өндірістерде жұмыс істей алатынын растау. Бұдан басқа, бұл рәсім (аккредиттеу) білім беру бағдарламаларының сапасын, оқу зертханаларының жарақтандырылуын, оқытушылар құрамының құзыреттілігін және түлектердің озық технологиялар жағдайында жұмысқа дайындығын бағалайды».
Әрі қарай ADVANCED MANUFACTURING (Озық өндіріс Индустрия 4.0) бағдарламалары бойынша халықаралық салалық аккредиттеуден өту шеңберінде Singapore Polytechnic аудиторлары «Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)», «Дәнекерлеу өндірісі» және «Шанақты жөндеу» және мамандықтары бойынша құзыреттілік орталықтарымен танысты.
Бұл сапар аккредиттеу үдерісіндегі маңызды кезеңі және білім беру бағдарламаларының индустрияның заманауи талаптарына сәйкестігін растайды.
Біздің колледж үшін және Ақмола облысының білім саласы үшін тарихи ерекше күн!
Колледжге халықаралық аккредиттеуден сәтті өтуін тілейміз!
 
Просмотров: 86


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст