Бүгін Worldskills Aqmola - 2021 аймақтық чемпионаты аяқталды, оның салтанатты жабылуы «Болашақ сарайы» балалар мен жасөспірімдер сарайында өтті. WoldSkills Aqmola-2021 аймақтық чемпионатының 1 орын иегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Ақмола облысы әкімінің қолынан Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледж студенттері 19 құзыреттілік бойынша алтын медальға ие болды. Алтын медаль иегерлері Гельд Лариса «Сән технологиясы», Катина Рада «Шаштараз өнері», Хайролла Манарбек «Графикалық дизайн», Иглек Қуат «Веб дизайн», Кравец Николай «Инженерлік графика», Борщенко Кирилл және Дикал Дмитрий «Мехатроника», Бевз Алексей «CББ станоктарындағы токарлық жұмыстар», Катин Максим «Дәнекерлеу жұмыстары», Шипелев Николай «Электроника», Валл Эдуард және Горожанкин Анатолий «Мобильді робототехника», Азкенов Руслан «Прототиптеу», Хаирнас Нариман «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», Андиров Серик «Кірпіш қалау», Тургумбаев Олжас «Ағаш шеберлігі ісі», Даулет Әділ «Электрмонтаждау ісі», Амантаев Бекзат және Мендыбаев Еркин «Геодезия», Костубаев Диас «Жеңіл автомобильдерге қызмет көрсету», Дауренбеков Рауль «Шанақты жөндеу», Данильченко Владислав «Жүк техникасына қызмет көрсету» құзыреттіліктері бойынша жеңімпаз атанып алтын медальдар, естелік кубоктар, 1 дәрежелі дипломдар мен 50 000 теңгеге ақшалай сертификаттар алды. Сонымен қатар аймақтық чемпионаттың күміс жүлдегерлері: Езов Владислав «Слесарлық іс», Панасюра Александр «Бизнес үшін IT шешімдер», Лавро Александр «Жүйелік әкімшілендіру», Кучма Никита «Дизельді қозғалтқыштарға қызмет көрсету». Жеңістеріңіз Құтты Болсын!