"Жас Маман" жобасы шеңберінде оқу-өндірістік шеберханаларды жаңғырту және өз өндірісінің тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін өткізу туралы заңнамаға уақтылы өзгерістер енгізу өндірістік қызмет көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Құрылыс және дәнекерлеу бұйымдарын, жұмсақ және корпустық жиһаздарды, машина жасау саласының жинақтаушы бөлшектері мен қосалқы бөлшектерін өндіру бойынша орнатылған технологиялық желілер студенттердің дайын өнім шығарудағы кәсіби дағдыларын шыңдауға мүмкіндік береді.
"Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі" Ақмола облысының жетпістен астам кәсіпорнымен өзара тиімді ынтымақтастығы еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлау сапасын арттыру үшін қуатты ынталандыру болып табылады.
Әлемдік брендтердің жоғары технологиялық жабдығымен жарақтандырылған құзыреттілік орталықтары серіктес кәсіпорындардың тапсырыстары бойынша дайын өнім шығаруда жұмыс істейді.
Дәнекерлеу технологиялары орталығында "КазПрицеп" ЖШС, "ProBuild" ЖШС, "Луч" ПИК кәсіпорындарының тапсырысы бойынша жеңіл автокөліктерге арналған тіркеме-конструкторлар, саябақ орындықтары, қоқыс жәшіктері, көше шамдары, соғылған қоршаулар жасалған.
Автоматтандыру және технологиялық жабдықты баптау бойынша құзыреттілік орталығы -HAAS фирмасының (АҚШ) UMC-750 СББ вертикалды өңдейтін бес осьті әмбебап орталығымен жабдықталған. Аталған өңдеу орталығы машина жасау саласындағы өңірдің әлеуметтік серіктестері"Тыныс" АҚ, "Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы" ЖШС, "ЕРС "Степногорск тірек зауыты" ЖШС үшін шығарылатын өнім тізбесін кеңейтуге мүмкіндік береді. Кез келген күрделіліктегі біліктер мен цилиндрлерді өңдеуге мүмкіндік беретін тегістеу СББ станогы.
"Тыныс" АҚ Бас директоры Анвар Александрович Сұлтанғареевтің айтуынша – "HAAS фирмасының (АҚШ) сатып алынған UMC-750 СББ өңдеу орталығы колледж нысанындағы желіні жалғастыруда, пандемия кезеңінде HAAS оқу орталығында "Көкшетау 4П" ӨЖЖ аппаратының негізгі бөлшегі - коллектор корпусын шығару және жалпы сомасы 2,5 млн.теңгеден астам сомаға мүгедектер арбасына арналған екі бөлікті өңдеуді жалғастыруда.
Ағымдағы жылдың сәуір айында "Алан Сервис" ЖШС - мен 3 млн.теңге сомасына ауыл шаруашылығы техникасына арналған үш бөлікті өңдеу бойынша шарт жасалды.
Автокөлік құралдарының шанақтарын жөндеу бойынша құзырет орталығы.
Орталық 3D өлшеу компьютерлік жүйесі бар "CAR-O-LINER MARK 6" фирмасының Швед жабдығымен жабдықталған, оның көмегімен автомобиль шанағын зауыттық параметрлерге қалпына келтіруге болады.
Аталған орталықта әлеуметтік серіктестерге де, жергілікті халыққа да қызмет көрсетіледі.
Жиһаз өндірісінің құзыреттілік орталығы Lasermann L 1309 (Жапония) нақыштауға және кесуге арналған лазерлік станоктан, СББ FILATO NCT3016 (Италия) өңдеу орталығынан, түрлі дизайндағы корпустық, асүйлік, офистік жиһаздың қасбеттерін әрлеу бойынша операцияларды орындайтын жиекті қаптау және көпфункционалды станоктардан жиһаз өндіру бойынша бірыңғай технологиялық желіге құрылған.
Осы жабдықта серіктестеріміз "Көкшетау Автодор" ЖШС, Красный Яр ауылының Aгротехникалық колледжіне 1,5 млн.теңгеден астам сомаға тапсырыстары орындалды.
Сатып алынған тігін жабдықтары-JUKI CTF 1201 (Жапония) кестелі өнеркәсіптік машинасы, Juki SS 35 B (Жапония) компьютерленген бір инелі төсеніш машинасы, GOLDEN WHEEL CSU-8678 (Тайвань) ауыр және аса ауыр материалдарды тігуге арналған бір инелі тік тігіс машинасы. Сатып алынған жабдықтың арқасында өнімнің, соның ішінде жұмсақ жиһаздың тізімі артады.
"Асқар Тау" ЖШС келісім шарты бойынша қонақ үйлерге бес жүз мың теңге сомасында көрпе - төсек жапқыштары тігілді.
Заңға толықтырулардың басты идеясы-мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен бірыңғай қаржыландырудан қосымша қаражат көздерін дербес іздеу негізінде көп арналы қаржыландыруға көшу. Колледждің кәсіпкерлік қызметінің тұжырымдамасы үш міндетті шешуді қамтамасыз етуі тиіс:
- бірлескен коммерциялық жобаларды немесе кәсіпорындар үшін жобаларды құру және іске асыру арқылы колледжге компаниялардың қаражатын тарту (біліктілікті арттыру, қайта даярлау, колледждің жарғылық қызметіне қайшы келмейтін бағыттар бойынша қызметтер көрсету);
- болашақта жеке бизнесін ұйымдастыратын студенттерді кәсіпкерлік бағдарламаларына оқыту-студенттердің кәсіпкерлік ойлауын дамыту;
- колледж нысанында бизнес-инкубатор/технопарк құру, олардың қызметіне студенттер мен түлектерді тарта отырып, сол арқылы өз компанияларын құруға көмектесу;
Бір сөзбен айтқанда, "Білім туралы Заңға" түзетулер колледж үшін көптеген мүмкіндіктер мен перспективаларды ашады. Колледж бен жұмыс берушілердің бірлескен, үйлестірілген іс-қимылдары ғана ұзақ мерзімді перспективада барлық мүдделі тараптарға елеулі пайда әкеліп, жоғары білікті кадрлар даярлауда әлеуметтік әріптестердің оқу орындары мен кәсіпорындарының әлеуетін біріктірудің тиімді жүйесін құра алады.
ЖТК -Көкшетау
Басшысы Еслямова А. К.