АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Еңбек нарығының заманауи тенденцияларын ескере отырып, ТжКОБ білім беру бағдарламаларын трансформациялау

27.04.2021

Колледжде тегін кәсіби білім алуды қалай қызықты және беделді етуге болады! Қазір бұл қабылданған жаңашылдықтар колледждерге академиялық еркіндік беру аясында үлкен мүмкіндік туғыздырды. Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің жіктеуішіне енгізілген өзгерістер, колледж студенттері үшін оқыту мерзімдерінің ұзақтығын оңтайландыру тартымды, қолжетімді әрі жастардың қалауын ескереді.

         Бұл өзгерістердің өзектілігі Жоғары техникалық колледждің инженерлік-педагогикалық ұжымын келесі оқу жылында оқу процесіне енгізуді жоспарлап отырған ECVET әдіснамасы бойынша жаңа мамандықтардың 9 білім беру бағдарламасын әзірлеуге бағыттайды.

 Кәсіптік стандарттар негізінде ECVET әдіснамасы бойынша білім беру бағдарламаларын оқу процесіне табысты енгізу үшін колледж педагогтары ұлттық кәсіптік білім беру жүйесінде SKLAD халықаралық білім беру онлайн-платформасында оқудан өтті. ECVET қолданудың нормативтік-құқықтық негіздерін анықтауға, ECVET әдіснамасы бойынша біліктілікке функционалдық талдау жүргізуге, ECVET мәтінмәнінде оқыту нәтижелерін анықтауға және бағалауға үйренді.   

Сондай - ақ, білім беру бағдарламаларын әзірлеу барысында біз Ресей мемлекеттік кәсіптік-педагогикалық университетінің профессоры Виталий Анатольевич Копновтың ECVET сынақ бірліктерінің еуропалық жүйесін пайдалану жөнінде тікелей кеңесін алдық.

    ECVET әдіснамасы бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеу негізіне қолданбалы бакалавриаттың модульдік-кредиттік интеграцияланған білім беру бағдарламасы алынды.

Біздің колледж 2011 жылдан бастап эксперименттік режимде бірінші болып құрылыс, машина жасау, жол және IT салалары үшін қолданбалы бакалаврларды (кіші инженерлерді) орта білімнен кейінгі білім беру дипломдарымен дайындауды жүзеге асырады.

ECVET әдіснамасы негізіндегі жүйе оқыту барысында және ұтқырлық кезеңдерінде біліктілік алу немесе оқыту нәтижелерін техникалық және кәсіптік білімнің бір деңгейінен қолданбалы бакалавриат деңгейін қоса алғанда, басқа деңгейге және одан әрі академиялық/жоғары білім беру жүйесіне немесе бір елден екінші елге ауыстыру үшін оқыту нәтижелерін жинақтағысы келетін адамдар үшін кең мүмкіндіктер береді.

Сынақ бірліктерін ауыстыру маңызды мотивациялық механизм болып табылады, себебі ол студенттерді қайталанатын модульдерден босатуға мүмкіндік береді және оқу мерзімін қысқартады.

 Білім алушылар, жұмыс берушілер, оқыту провайдерлері үшін ECVET әдіснамасы негізінде сынақ бірліктерінің жинақтаушы жүйесінің артықшылығы жұмыс кәсібінен бастап тұтас біліктілік алу үшін оқыту нәтижелерін жинақтау, студенттердің өз біліктілігін арттыру немесе оқуын неғұрлым жоғары деңгейде жалғастыру мүмкіндігі (колледж - жоғары колледж - ЖОО) болып табылады. Сондай-ақ жеке оқыту траекторияларын қолдау, олардың шеңберінде білім алушылар талап етілетін біліктілік бірліктерін олар үшін ыңғайлы уақытта және практикалық кредиттерді ескере отырып, әртүрлі мәнмәтіндерде жинақтай алатын студенттерге белгілі бір деңгейде оқуды тоқтатуға және тәжірибе (өндірістік кредиттер) жинақталғаннан кейін оқуын жалғастыруға мүмкіндік беретінін атап өту қажет. Қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын жүзеге асырудың сәтті нәтижесі біздің колледжде 2018 жылғы 1410000 - "Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы" мамандығының түлектері К. А. Гаврилова мен Я. А. Лидяевтің бейіндік магистратурада оқуын жалғастырып  2021 жылдың ақпан айында «СМКжЖУ» ФМАББ «Магистр» біліктілігін алды.

Просмотров: 386


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст