Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің ұйымдастыруымен өткізілген "Еңбек нарығының заманауи тенденцияларын ескере отырып ТжКОБ білім беру бағдарламаларын трансформациялау" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аяқталды. Конференция жұмысына “Nur Otan” партиясының Ақмола облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары, "Талап" КЕАҚ президенті, Ақмола облысы білім басқармасы басшысының м.а, "Тыныс" АҚ бас директоры, "Ресей мемлекеттік кәсіптік - педагогикалық университеті" ФМАББ профессоры, Беларусь Республикасының «Республикалық кәсіптік білім беру институтының» проректоры, "Электроника және аспап жасау колледжі" Санкт-Петербург мемлекеттік бюджеттік кәсіптік білім беру мекемесінің директоры, ҚР ТжКББ ұйымдарының басшылары мен басшының орынбасарлары, колледж әдіскерлері, оқытушылар қатысты. Конференция жұмысының пленарлық отырысынан кейін қатысушылар мен қонақтар "Bolashaq Saraiy" экскурсияға шақырылды. "Bolashaq Saraiy" конференция қатысушыларына зияткерлік салаға бағытталған 6 зертхана, сонымен қатар, ішінде хореография және салтанат залы, тренажер залы, ойын алаңдары, бассейн жұмыстарымен таныстырды. Бұл болашақ ұрпақтың дамуы үшін бағытталған сарай.