2021 жылдың 16 сәуірінде "Еңбек нарығының заманауи тенденцияларын ескере отырып ТжКОБ білім беру бағдарламаларын трансформациялау" тақырыбындағы халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференциясының секция отырыстарының жұмысы онлайн-форматта өтті.
Конференция төрт бағытта өткізілді:
1. Ecvet әдістемесі бойынша кәсіби стандарттар негізінде жасалған ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыру;
2. Дуалды оқыту әлеуметтік серіктестікті нығайту факторы ретінде;
3. Оқытуды ұйымдастырудың кредиттік-модульдік жүйесі студенттің өзін-өзі оқыту дағдыларын қалыптастыру факторы ретінде;
4. Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы әдістемелік жаңашылдықтың, өзгерістердің, инновациялық әдістердің тиімділігі. Конференция ұйымдастырушылары барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, одан әрі ынтымақтастыққа шақырады!