Текст
2021 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Таңатқызы Каринованың қатысуымен "WorldSkills Kazakhstan Бас Ассамблеясы" Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Осы отырыста "WorldSkills талаптарын (стандарттарын) оқу процесіне енгізу, демонстрациялық емтихандарды өткізу" тақырыбы бойынша Ақмола облысының Техникалық Делегаты, Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің басшысы Еслямова Ақнұр Қабиденқызы баяндама жасады.
Ақнұр Қабиденқызы демонстрациялық емтихандарды WorldSkills стандарттарын ескере отырып өткізу - ТжКББ-де оқыту қорытындысын шығарудың жаңа форматы ретінде баяндама жасады.