Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінде 2021 жылғы 15 сәуірде "Nur Otan" партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.М. Бекмағамбетовтың, "Талап" КЕАҚ вице - президенті С. М. Тәтібековтың, Ақмола облысы білім басқармасы басшысының м. а. В.Г.Гамазовтың қатысуымен "Еңбек нарығының заманауи тенденцияларын ескере отырып ТжКБ білім беру бағдарламаларын трансформациялау" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында:
"ЖТК-Көкшетаумен табысты әлеуметтік серіктестік бағыттары туралы" "Тыныс" АҚ Бас директоры Султангареев Анвар Александрович;
"ТжКБ білім беру бағдарламаларын трансформациялау үшін ECVET сынақ бірліктерінің еуропалық жүйесін пайдалану туралы" - техника ғылымдарының докторы ФМАББ "Ресей мемлекеттік кәсіптік-педагогикалық университеті" (РМПУ) Копнов Виталий Анатольевич,
"Беларусь Республикасының кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары" - Беларусь Республикасы, "Республикалық кәсіптік білім беру институты" білім беру мекемесінің бірінші проректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Сычева Юлия Сергеевна,
"Санкт-Петербург электроника және аспап жасау колледжінің тәжірибесінен кадрларды даярлаудың жаңа тәсілдері мен бағыттары туралы", "Электроника және аспап жасау колледжі" Санкт-Петербург мемлекеттік бюджеттік кәсіби білім беру мекемесінің директоры Воронько Галина Ивановна" баяндама жасады.
"Колледж базасында инженерлерді даярлаудың толассыз білім беру бағдарламасын әзірлеу қағидаттары туралы"- Нұр-сұлтан қаласы Еуразия ұлттық университетінің "Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы" кафедрасының доценті Оспанова Жұмабике Нұрғалиқызы тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар Санкт-Петербург қаласы (Ресей) "Электроника және аспап жасау колледжі" және Көкшетау қаласы Жоғары техникалық колледжі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды .
Іс - шара аясында қонақтар колледждің оқу-өндірістік құзыреттілік орталықтарының жұмысымен танысты.